Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқыр құтырған болып шықты

27 Желтоқсан 2023, 16:45 1303

Бірнеше күн бұрын Қарқаралы ауданында бірнеше адамға шауып, артынан атып тасталған қасқыр құтырған болып шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты Қарқаралы ауданының әкімдігі  бір айлық шектеу енгізілетінін хабарлады. Өлтірілген жыртқыштан өлімге әкеп соқтыратын ауру табылып отыр.

Енді 27 желтоқсаннан бастап қалада шектеу шаралары енгізілді. Ет-сүт өнімдерін сатуға, ит-мысық көрмелерін өткізуге, елді мекеннен тыс жерлерге жануарларды алып шығуға тыйым салынады. 

Сондай-ақ мал мен үй жануарларына құтыруға қарсы екпе салынады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: