Qarmet-тен жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

25 Шілде, 09:38 494

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырған. Жәбірленуші тарап олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін айтады.

Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: