Теміртаудағы Qarmet металлургиялық зауытында екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зауытта бөлшектеу жұмыстары кезінде жұмысшылар биіктіктен құлаған.
Таңғы сағат 9:20 шамасында ғимараттың шатырын жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан мердігер компанияның екі қызметкері биіктіктен құлап кетті, - делінген компания мәліметінде.
Компания қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.