Қарасай ауданында мешіт отқа оранды

Кеше, 13:02 399

9 ақпан таңертең Алматы облысы Қарасай ауданы, Еңбекші ауылында орналасқан мешіттен өрт шықты. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпып, ғимарат ішіндегі жиһаз бен шаруашылық заттары өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) 14 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімі мешіттен 22 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД-нің зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: