Қарақат Әбілдина жұлдыздардың басын қосып, жаңа үйін көрсетті

19 Қаңтар, 15:50 37550

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Астананың төрінен алған жаңа қонысына құрбылары мен өнер жұлдыздарын шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші үйіне тележүргізушілер Нұрбигүл Егізова, Майя Бекбаева, Айгүл Мүкей, Динара Сәтжан мен өнер адамдары әнші Маржан Арапбаева, әнші Ардақ Балажанова және Мөлдір Мұқанова мен Санди Бексырға сынды қонақтарды шақырған.

“2024 жылдағы жылы жүздесу”. Стористан көріп отырғандарыңыздай, кеше үйде қыздар болып бас қостық.Қонақ күттім. Әйел әйелден энергия алады деген дұрыс, бір-бірімізден күш, шабыт алып, қайраттанып қалдық. Анамның салған ақ жолын жалғап, оттан қазан, дастарқаннан ас, шаңырақтан қонақ үзілмейтін үйміз. Сыйластық сәні,өмірдің мәні сол ғана замандастарым! Ғажап көңіл-күй , ақжарма тілек, әдемі сыйлық, менің өмірімде бар болғандарың үшін рақмет жандарым, - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сондай-ақ жаңа баспанасындағы ең ерекше ұлттық бөлмесін көрсетті.

Қазақ бөлме айтып тұрғандай, қазақтың иісі бұрқырап, аңқып тұрады. Қызыл, ашық түсті. Бөлме әдемі қылатын мынадай текемет-сырмақтар, атадан балаға мұра боп қалады, ескірмейтін керемет қолөнер.Жалаңаяқ жүргенде аяғыңа массаж да болады. Аяғыңды созып қойып, рахаттанып қуырдақ жеп, шай ішеміз, - деді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші тележүргізушілер мен өнер жұлдыздарына боянатын бөлмесі мен сахна киімдері, әшекей бұйымдары сақталған бөлмені көрсетті.

Айта кетейік, отандық әнші Қарақат Әбілдина қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтып, бұл жерде қыз тәрбиесі де маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: