Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

21 Қараша 2022, 11:25 1391

Әділ және адал сайлау – еліміздегі демократияның тағы бір көрсеткіші

Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарақат Әбден видеоны 21 қарашада Facebook желісіне жариялады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын осы жарыстағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Әділ және адал сайлау – еліміздегі демократияның тағы бір көрсеткіші. Ел тізгінінде болу – өте үлкен жауапкершілік. Құрметті жерлестер, бүгінде елдегі бірлік пен келісім оның игілігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлына осы жолда таусылмас шабыт пен зор жігер тілеймін!", - деді ол.

«Социс-А» институтының экзит-поллына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,02% дауыс жинады.

Айта кетейік, 20 қараш күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

EL.KZ
Бөлісу: