"Қарапайым кітап". Қызылордалық ақынның кітабы оқырманға жол тартады

27 Маусым, 17:20 584

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 27 маусым, сағат 15.00-де қызылордалық ақын, қаламгер,әнші-композитор Әл-Фараби Бекарысұлының "Қарапайым кітап" атты кітабының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кітап автордың аяулы, өнерлі, ісмер, марқұм анасы Рыскүл Жәлиызының аманаты мен перзенттік парыздың тоғысуынан туындаған. "Қарапайым кітап" деген еңбекте анасының һәм өзінің өмірден көрген-түйген әңгімелері, әнге айналған, сезіммен жазылған өлеңдері топтастырылған.

Қазақ эстрадасында шырқалып жүрген талай танымал әндердің авторы Әл-Фараби Бекарысұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Оның «Найзағай болып..», «Әппағым», «Әке-анашым», «Үмітім менің» атты  туындылары әнсүйер жұртшылыққа жақсы таныс.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізеді. Рухани шараға елордалық зиялы қауым өкілдері, өнер иесінің әріптестері, ақын-жазушылар, оқырмандар қатысады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: