Қарағандылық тергеуші джиу-джитсуден әлем чемпионаты атанды

29 Мамыр 2023, 11:53 1050

Қарағандылық тергеуші Бангкокте өткен джиу-джитсуден әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Таиланд астанасында джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Оңтүстік-шығыс ПБ, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды.

Аян – Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған.

EL.KZ
Бөлісу: