Қарағандылық полицейлер инсульт алған жүргізушіні құтқарды

9 Наурыз, 09:26 971

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке 19-ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай болғаны туралы хабарланған.

Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға  шығып кеткен көлікті көрдік. Машина оталып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен, бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік, - деді Ақжаркен Мұқажан.

Белгілі болғандай, көлік жүргізуші инсульт алған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтыңденсаулығы бірқалыпты екенін айтты.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: