Қарағандыда жас жұбайлар дауыс берді

6 Қазан, 12:07 327

Қарағандыда некесін енді қидырған жас жұбайлар азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге бүгін ғана некесін қидырып, отау құрған жас жұбайлар Төлегенов Асылхан Қанатұлы мен Булатова Сабина Құралбекқызы №73 сайлау учаскесіне барды, өз таңдауын жасады.

Бұған дейін Джокер, Америка капитаны секілді комикс кейіпкерлері де дауыс бергені туралы жазғанбыз.

Жалпы, елімізде он мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істеп жатыр.

Бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған.

Айта кетейік, сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Егер дауыс беру тізіміне енген азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысса, референдум өтті деп саналатынын еске саламыз.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: