Қарағандыда үш адам арыстандардың күшігін заңсыз сатпақ болған

11 Маусым 2023, 00:23 1096

Қарағанды хайуанаттар бағының арыстандардың күшіктерін заңсыз сатпақ болған үш адам ұсталды

ҚР ІІМ мәліметінше, осы фактіге қатысты үш ер адам ұсталған. Олар арыстанның күшігін 6 млн теңгеге сатпақ болған.

Облыстың криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ Криминалдық полиция департаментімен өзара бірлесіп мекемеден тыс жерде арыстандарды сатқан 22, 37 және 44 жастағы үш ер адамды ұстады. Олардан заттай дәлелдеме ретінде 6 млн теңгеге сатуға тырысқан екі арыстан тәркіленді, - делінген мәліметте.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде.

Берік Арманов
Бөлісу: