Қарағандыда тұрғын үйдің жертөлесінде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

27 Наурыз, 00:00 715

Қарағанды қаласында қардың қарқынды еруі салдарынан екі көше қиылысы су астында қалды. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үй жертөлесін су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қар еруі салдарынан нөсер құдықтары толып, Шахтерлер даңғылы мен Сатыбалдин көшесінің қиылысы су астында қалған.

Төтеншеліктер нөсер құдықтары жүйесі 100% жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Алайда судың тасуынан 10 қабатты тұрғын үйдің жертөлесін су басқан. 

Жергілікті атқарушы орган, ТЖД және 52859 әскери бөлім күшімен 66 адам және 12 техника құрамындағы күштер мен құралдар оқиға орнында суды сору, бұру, қорғаныш үйіндісін тұрғызу және қапшықтарды төсеу бойынша жұмыстар ұйымдастырды. 

Соңғы мәлімет бойынша су деңгейінің төмендеуі байқалады, жұмыстар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Зарина Арман
Бөлісу: