Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

25 Қаңтар 2023, 18:35 1732

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті

24 қаңтар күні сағат 2-56-да кезекші қызметке Қарағанды қаласының Степной-4 шағын ауданында өрт шыққаны туралы шақыру түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына келіп, 10 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 3 шаршы метр үй заттары мен жиһаздың өртеніп жатқанын анықтады. ТЖД күштері баспалдақ маршымен кіреберіс пәтерлерінен 20 адамды эвакуациялады, оның 5-уі балалар. Өрт 03-30-да жойылды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Пәтердегі өрт кезінде қабылданатын әрекеттер:

* Ең алдымен, құтқару қызметтеріне ең толық ақпаратты: мекен-жайын, өрт шыққан жерін, өз деректерін хабарлау керек;

* Әлсіз және еңбекке жарамсыз азаматтарды, балалар мен қарттарды эвакуациялау. Бұл ретте адамдарды ғимараттың сыртына шығару керек, лифтті қолдануға мүлдем болмайды.

Егер өрт аймағы аз болса, қол астындағы құралдарды пайдаланып, өртті өз бетіңізше оқшаулауға тырысыңыз. Өртті сөндіру үшін су құйылған ыдысты пайдалануға болады.

* Егер сұйықтық (май, еріткіш) жанып жатса, су құйып сөндіру жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін, кез-келген тығыз материалдарды (мысалы, киіз) қолданған жөн.

Егер сіз өрттің таралуының алдын ала алмасаңыз және өміріңізге қауіп төніп тұрса, алдымен есіктер мен терезелерді мықтап жауып, бөлмеден тезірек шыққан дұрыс.

* Алдыңғы есіктен шығуға мүмкіндік болмаса, балконға барыңыз, есікті артыңыздан мықтап жабу керек, егер өрт баспалдақтары болса, солармен төмен түсіңіз. Матадан бұралып жасалған импровизацияланған арқандардың, түрлі шлангтардың және т.б. көмегімен түсу ұсынылмайды, мұндай құралдарды өте қажет болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Өрт ошағы бар бөлмеде терезелерді ашпаған жөн, себебі оттегінің түсуі өрттің қарқынын күшейтеді.

Өрт кезінде түтінді дәліздер немесе баспалдақтар арқылы эвакуациялануға тырысу қауіпті.

Төтенше жағдайда, түтінді бөлмелерден өту керек, алдымен тыныс алу жолдарын дымқыл шүберекпен жабу қажет.

Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, онда ең сенімді нұсқа – өрт сөндірушілер келгенге дейін, пәтерден шықпай тұра тұру. Ол үшін алдыңғы есіктің саңылауларын дымқыл шүберекпен қымтау керек немесе есікке дымқыл көрпе іліп қою қажет. Бұл шаралар түтіннің алдын алуға көмектеседі.

EL.KZ
Бөлісу: