Қарағандыда төтеншеліктер әр сенбіде ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған

2 Қараша, 21:38 444

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбі күндері ағаш отырғызу шарасын дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін ведомство басшылығы мен жеке құрам Қарағанды қаласында орналасқан №7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында жиналып, сенбілік өткізді. Шара барысында аумақ тазаланып, ағаш отырғызылды. Бұл күні әдеттегідей облыстың барлық бөлімшелерінде аумақтар мен қызметтік үй-жайлар тазаланды.

Зарина Арман
Бөлісу: