Қарағандыда сотталғандарға арналған баскетбол алаңы ашылды

30 Маусым, 12:44 549

Қарағандыда қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №29 мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Спорттық шараның басталуына орай мекеме аумағында баскетбол алаңы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, спорт алаңы сотталғандардың бос уақытын өткізуге оң әсерін тигізеді.

Спартакиаданың ашылу салтанатына Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерасыл  Борамбаев пен Абай қаласының мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Әділбек Мақашев шақырылып, қатысушыларды алдағы жарыстармен құттықтады.

Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жансейт Әбілқасымов іс-шаралар жоспарына сәйкес жарыс түрлерін жариялап, қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын жеткізді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: