Қарағандыда қылмыскер түрмеден қашып кетті

2 Тамыз 2023, 16:05 1448

Долинка ауылында 2023 жылғы 31 шілдеде орташа тәртіптегі колониядан рецидивист қашып кеткен. Ол көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Таратылған хабарламада ер адам мекеменің күзетілетін аумағынан тыс жерде орналасқан нысанда жөндеу жұмыстарына тартылғаны айтылған.

Оқи отырыңыз:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашып кеткен азаматты жедел қызметкерлер бірнеше сағат ішінде ұстады, - дейді Қарағанды ​​және Ұлытау облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша Қарағанды ​​облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабымен ("Ұстау орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны мәлім болды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеу мәліметтері мен басқа да мәліметтер жария етілмейді. Колонияда қызметтік тергеу басталды.

Ведомствоның мәліметінше, 29 жастағы ер адам айдап әкету және ұрлық баптарымен сотталып, жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: