Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстан ІІМ чемпионаты аяқталды

20 Тамыз 2023, 20:08 1021

Қарағандыда “Динамо” дене шынықтыру – спорт қоғамының Х ведомствоаралық спартакиадасы мен құқық қорғау органдарының, арнаулы және күштік құрылымдарының қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан ІІМ-нің Х чемпионаты қорытындыланды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарысқа 33 команда, 334 спортшы қатысты. Турнирде боз кілемге ерлермен қоса нәзік жанды арулар да шығып, өзара мықтыны анықтады.

Екі күнге созылған спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үшінші орынды Ұлттық ұланның өкілдері жеңіп алса, екінші орынды “Динамо” ұйымы, ал бірінші орынды ІІМ командасы қанжығалады.

Ерлер арасындағы жеке сындардың жеңімпаздары:

– 55 келі Жандос Марехиянов (Қорғаныс министрлігі);

– 60 келі Сағындық Сарыев (“Динамо” ұйымы);

– 67 келі Аманбек Жаманкараев (ІІМ);

– 73 келі Кирилл Литвиненко (ІІМ);

– 80 келі Қуандық Есенаев (ІІМ);

– 97 келі Мейрамбек Алматов (ІІМ);

– 97 келіден жоғары Құдайберген Төлеубаев (ІІМ).

Қоян-қолтық ұрыстан ІІМ чемпионатында үшінші орынды Маңғыстау облысы, екінші орынды Атырау облысы, жүлделі бірінші орынды Қарағанды облысы иеленді.

Берік Арманов
Бөлісу: