Қарағанды облысында “Қармет” кеншілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 фактіге қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық топ қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған.
Күдіктілерді ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.