Қарағандыда ірі жол апатынан 6 адам қаза тапты

6 Қараша 2023, 16:55 725

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты орын алды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

6 қарашада Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: