Қарағанды өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты “Екатеринбург-Алматы” тасжолының екі бөлігінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Барлық көлік түрі үшін Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралық жабық.
Ал қоғамдық және жүк көліктері үшін аталмыш күре жолдың Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығы жабық.