Қарағандыда баласына 4 жыл бойына алимент төлемеген әке сотталды

26 Маусым, 07:30 641

Қарағанды облысы Осакаров ауданында баласына 4 жыл бойы алимент төлемей жүрген әке сотталды. Прокуратура мәліметінше, ер кісінің жиналған қарыз сомасы 3 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер әкеге пробациялық бақылау белгілеп және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда. Қарағанды облысының прокуратурасы борышкерлерді алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылары кодекстің 669-бабы және Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілік туралы ескертеді,-делінген облыс прокуратурасының мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: