Қарағандыда әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” басталды

22 Қыркүйек, 17:41 635

Бүгін Қарағандыда әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” басталды. Спорттық дода 28 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бокс федерациясы бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылатынын атап өтті.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш байқасады. Ал 2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.
Айта кетсек, Қарағандыдағы турнирде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: