Қарағанды облысының өрт сөндірушілері жанып жатқан автобусты сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде жеке меншік аумақтағы 15 шаршы метр алаңда автобус өртенді.
Шұғыл жеткен құтқарушылар автобустың ашық жалынмен жанып тұрғанын анықтады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, жақын маңдағы автобусты өрттен қорғауға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.