Қарағанды полиция департаменті қаладағы хайуанаттар бағының үш қызметкеріне қатысты сот тыңдауы басталғанын мәлімдеді. Айыпталушылар жануарды 6 миллион теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Патриот"арнасының мәліметінше, күдіктілер былтыр маусым айында жануарларды хайуанаттар бағының аумағынан шығарып, алты миллион теңгеге сатуға тырысқан. Туғаннан бастап бір айлық кішкентай арыстандар картон қорапта болған. Қазыбек би аудандық сотының сотталушылар орындығында Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы директорының орынбасары және екі қызметкері отыр.
Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес, яғни 339-бап "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз ұстау" және 188-бап "Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша айып тағылды.
Сот отырысының бірінші күні сотталушылар әртүрлі ұстанымдарды айтып, біреуі кінәні ішінара мойындады. Ал екіншісі кінәсін мүлде мойындамады.
Барлық үш сотталушыға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Ал хайуанаттар бағының директорының ісі бойынша "куәгер" мәртебесінде өтеді. Бұған дейін хайуанаттар бағының жұмысына жетекшілік ететін Қарағанды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы хайуанаттар бағының директоры бұл мәміле туралы білмегенін және бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан көрінеді.
Объективтілік үшін судья Арғын Құтышев айыпталушылардың адвокатының өтініші бойынша хайуанның нақты құнын анықтау үшін сарапшы Гүлнар Мұқанованы шақырды. Өтініш қанағаттандырылып, сарапшы Мұқанова арыстан төлдерінің құнын сараптап, сараптама қорытындысын дайындауға кірісті.