Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар автобуста тегін жүре алады

18 Қаңтар 2023, 22:00 1858

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қалалық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара отбасыларға, әсіресе көп балалы отбасыларға үлкен қолдау болып табылады.

– Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі 110 мыңға жуық тұрғын бар. Автобустарды жаңарту мен электронды билеттердің енгізілуіне байланысты мен оқушылар үшін Қарағанды бойынша тегін жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы өзінің шешімі туралы № 44 апатты мектептің педагогикалық ұжымымен және оқушыларының ата-аналарымен кездесу барысында хабарлады.

1948 жылғы ғимарат қалпына келтіруге келмейді. Оның орнына жаңа оқу орнын салу жоспарлануда. Оқушылар мен мұғалімдер № 64 мектепке ауыстырылды. Ол 600 адамға арналған, сондықтан орын тапшылығы жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: