Қарағандыда 12 жастағы оқушыны көлік қағып өлтірді

6 Ақпан, 11:55 1254

Қарағандыда 12 жастағы оқушы көлік қағып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол жаяу жүргіншілер жолынан өтіп, мектепке бара жатқан.

Көлік жүргізушісі 50-ге таяп қалған ересек адам. Жеке компанияда жұмыс істейді. Жаяу жүргіншілер өткелінде баланы байқамағанын айтады, - делінген бейресми деректерде.

Қазір Аманжолов көшесінің бойындағы қайғылы оқиға болған жерде көліктің жүруіне тыйым салынған. Онда кептеліс пайда болды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: