Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 43 адам болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ министрі жетекшілік ететін апатты жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз етуде 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылдыған. Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп тұр.
Қазір апатты жою жөніндегі штаб өкілдері 3 кеншіні іздеуді жалғастырып жатыр.