Қарағанды полициясының бұрынғы басшысына іздеу салынды

29 Желтоқсан 2023, 15:50 1677

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеевке іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы "Қылмыстық іздеу" деректер базасында Құлкеев 28 күннен бері іздестіріліп жатыр. 

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының полициясы Құлкеев пен тергеуші Қанатов қылмыстық іс бойынша майнинг жабдықтарын ұрлау және өкілеттіктерін теріс пайдалану ісі бойынша күдікті деп танылған еді. Облыстық полиция басшылығы Құлкеев тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне келмесе, оған іздеу жарияланатынын атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: