Қарағанды облысының құтқарушыларына жаңа техника табысталды

29 Желтоқсан 2022, 17:31 1171

Қарағанды облысы ТЖ департаментіне жаңа техника табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанатты түрде жаңа автомобиль техникасының кілттерін құтқарушыларға Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин табыс етті.

Қарағанды облысы әкімдігінің жыл сайынғы қолдауының арқасында Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жарақтандыру және нығайту жүзеге асырылуда. 2022 жылы әкімдік қаражаты есебінен Департамент құтқару техникасын сақтауға арналған 7 ангар сатып алып, дайындады, 9 жедел жеңіл автомобиль, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің 400 жиынтығы, 10 бірлік тепловизор, 10 борт тіркемесі, сондай-ақ суда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қайық, гидрокостюмдер, сүңгуір маскалары мен тыныс алу аппараттары сатып алынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қарағанды құтқарушыларының техника паркі ТЖ министрлігі сатып алған 8 бірлік өрт сөндіру автоцистернасымен, әуе жастығындағы қайықпен толықтырылды. Сондай-ақ, ТЖМ есебінен Қарағанды бөлімшелері өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің 400 жиынтығымен және өрт жеңдерімен жарақтандырылды.

Салтанатты іс-шара барысында ТЖМ бөлімшелерінің бірнеше қызметкері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ведомстволық наградалармен және Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жылдан жылға құтқару бөлімшелерін жабдықтау жақсарып келеді. Техника мен жабдықтар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен сатып алынады. 2015 жылдан бастап Қарағанды облысы ТЖД қарулануына барлығы 140 бірлік авариялық-құтқару, инженерлік және жедел-қызметтік техника, сондай-ақ суда және өрт жағдайында жұмыс істеуге арналған жабдық және түрлі ұйымдастыру техникасы келіп түсті.

Құтқару бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

EL.KZ
Бөлісу: