Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді

30 Маусым, 06:18 691

Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысының полицейлері жаңа қызметтік көлік кілтін алды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің автопаркі облыстық бюджет есебінен сатып алынған 200 арнайы көлікпен толықты. Олардың басым бөлігі патрульдік полицияға беріледі. Трассада қызмет ететін тәртіп сақшылары да жол талғамайтын көліктер алды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техникаларды өзі табыстады.

Сіздердің қызметтеріңіз жедел және жайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Сондықтан құқық қорғау органдарының тиімді жұмысында материалдық-техникалық базаны нығайту ерекше маңызды. Биыл құқық қорғау органдарының қажеттіліктеріне облыстық бюджеттен 22,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде бір миллиардтан астамы материалдық-техникалық жабдықты жақсартуға бағытталады, – деді облыс әкімі. Өңір басшысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарын қолдау жолғасатынын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: