Қарағанды облысындағы трассада 10 көлік соқтығысты

Кеше, 23:14 150

Қарағанды облысындағы трассада ауа райының қолайсыздығынан 10 көлік соқтығысты. Оқиға «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымындағы «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде 6 наурыз сағат 16:30-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтылануда. Сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлем ақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.  

Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Жүргізушілерге сақ болуға, ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қызметтерінің нұсқауларына бағынуға кеңес беріледі,-делінген "ҚазАвтоЖол" мәліметінде.

Асқар Таудай
Бөлісу: