Қарағанды облысындағы шахтадағы төтенше жағдайды жою шаралары жалғасып жатыр

20 Тамыз 2023, 03:30 1090

"Қазақстан" шахтасында төтенше жағдайды жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайды жою жұмыстарын ТЖ министрі Сырым Шәріпханов тікелей бақылауға алған. Тау-кен құтқарушылары ауыстырылды. КӘАҚҚ РШО ЖШС басшылығымен тау-кен құтқарушыларының жаңа ауысымының алдына міндеттер қойылып отыр.

19 тамыз күні кешкі сағат 22:40-та бесінші тау-кен жұмысшысының денесі табылды. Іздестіру жұмыстары апаттық учаскедегі қазбалардың үздіксіз түтіні және жоғары температура салдарынан қиындауда.

Тау-кен құтқарушылары өрт ошақтарын сөндірудің белсенді кезеңіне кіріскен.

Перизат Саденова
Бөлісу: