Қарағанды облысындағы киіктің 86 өлексесі табылды

26 Маусым 2023, 21:46 777

Өлімнің себебі-өзеннен өту кезінде суға батып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың 26 маусым күні «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының Қарағанды тірек пунктінің инспекторлары сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды және киікті қорғау бойынша Қарағанды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында, Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды.

Жануарлардың өлекселері бұзылып бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады (қылмыстық іздер жоқ).

Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды. Өлімнің себебі-өзеннен өту кезінде суға батып кеткен.

Берік Арманов
Бөлісу: