Сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 20 шақырымында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, автожолды қайта жаңарту учаскесінде 19 жеңіл автокөлік соқтығысқан.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келді. Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады, - делінген мәліметте.
Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізіледі.
Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылады.