Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

16 Тамыз, 13:46 738

Қарағанды-Балқаш тасжолында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді.

Ekaragandakz Instagram-парақшасында жол апаты Спасск ауданы маңында болғаны жазылған.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті 16 тамыз күні 00:30-да Hyundai Elantra мен «ГАЗель» көліктері соқтығысқанын алға тартты.

Жол-апатынан Hyundai Elantra көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «ГАЗель» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ Hyundai Elantra көлігінің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: