Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

3 Мамыр, 15:32 756

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 10:00-де Ақсу Аюлы – Ақсу тасжолында болған. Renault Magnum жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысты. Салдарынан бес адам - Toyota жүргізушісі мен төрт жолаушысы көз жұмды.

Ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Тергеу қызметі қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады. Қылмыстық істі қарау барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі адам анықталады, - делінген мәліметте.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сақ болуға шағырады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: