Қарағанды облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан жеті адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі жеті адамды, оның бесеуі бала – қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді, - делінген мәліметте.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.