Қарағанды облысында жаңадан салынған мектеп ғимараты құлап қалды

19 Сәуір 2023, 09:36 768

Қарағанды ​​облысында қатты желден аяқталмаған мектеп ғимараиы құлап кеткені туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Ағадыр ауылында болған.

Оқушылар үшін салынған асхана мен спорт зал әлі пайдалануға әлі берілмеген. Сондықтан ешкім зардап шекпеген. Бұған дейін қоғам белсенділері Әлімхан Ермеков атындағы мектеп жанындағы қауіпті нысан мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.

Ал құрылысты салған компания жұмысты дер кезінде аяқтай алмаған, әрі сапасы сын көтермеген.Видеода қабырғаларды тұрғызу кезінде құрылысшылардың цементті үнемдеп, барлық құрылыс нормаларын бұзғаны айтылады.

Біз құрылысты 3-4 жыл бұрын бастағанбыз, бірақ аяқтаған жоқпыз. Ғимаратты пайдалануға бермей тұрып, мәселе көтергеніміз дұрыс болды, балалар зардап шегуі мүмкін еді, - дейді видео авторы.

 Қарағанды ​​облысы құрылыс басқармасының басшысы Мұрат Мағзиннің айтуынша, нысанды салған мердігер компания шынымен де құрылыс нормаларын бұзуға жол берген. Сондықтан ол жүк көтергіш қабырғалардың кірпішін бөлшектеуге міндетті болды. Ол сметалық құжаттамада көрсетілген маркаға сәйкес келмеген.

Құлаған кірпіштер бұл қаптама кірпіш дейді ғой, сырты қапталған кірпіштер. Ол енді ішкі кірпіші болмағаннан кейін желден бе, құлап кетті. Бүгінгі күні біз жылдың басында мердігермен келісімшартты бұзып, қазіргі күні жаңа мердігер анықталды. Келесі демалыстан бастап басқа құрылыс жұмыстарын бастаймыз, - дейді Мұрат Мағзин.

EL.KZ
Бөлісу: