Қарағанды облысында шағын ұшақпен әуеге көтерілген екі адам апат кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған дерек бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.