Қарағанды облысында субсидияға бөлінген 253 млн теңгені жымқырғандар сотталды

7 Желтоқсан 2023, 12:21 840

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментімен 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, бұл қаражат ауыл шаруашылығы субъектісінің күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленді.

Тергеу 2018-2020 жж. күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: