Қарағанды облысында сібір жарасынан ауыл тұрғыны қайтыс болды

27 Қазан 2023, 09:23 982

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер қабылдаған шараларға қарамастан, Топар ауылының 1948 жылы туған тұрғын сібір жарасынан жұқпалы аурулар орталығында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқастың өліміне аурудың ушығып кетуі себеп. Сонымен қатар медициналық мекемеге кеш келген, - делінген мәліметте.

Сібір жарасын жұқтырған өзге науқастардың жағдайы тұрақты. Олар дәрігерлер бақылауында. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: