Қарағанды облысында шахтада қайтыс болған адамдар саны 35-ке жетті

29 Қазан 2023, 09:21 1045

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайтыс болған адамдар саны 35 адамды жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
 
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылған. Олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда, - деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

Асқар Таудай
Бөлісу: