Қарағанды облысында қайтыс болған өрт сөндіруші мемлекеттік наградамен марапатталды

31 Қазан, 13:07 348

Президент жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қарағанды облысы ТЖД №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші–құтқарушысы Хали Хайрат марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Мемлекеттік наградаға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.

ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың ұсынысы бойынша қайсарлығы, батырлығы және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталған Хали Қайраттың ерекше еңбегін атап өткен жөн.

Елбасының біздің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады, - деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: