Қарағанды облысында қар құрсауында қалған төрт адам құтқарылды

Бүгiн, 19:08 133

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан төрт адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысының Осакаров ауданында жолдың жабық учаскесінде қар құрсауында төрт адам, оның ішінде екі бала мінген жеңіл көлік тұрып қалды.

ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен оларға жетіп, көлікті қардан шығарып, оларды жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, - делінген мәліметте.

Министрлік ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: