Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі жүзге жуық адам құтқарылды

10 Қаңтар, 03:31 834

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД және ә/б күштерімен 52859 ТЖМ қар құрсауында қалған автомобильдерден 190 адам, оның ішінде 27 бала жақын елді мекендерге эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағандылық джиперлер тобы тағы да қар тұтқындарынан машиналарды шығаруға көмектесті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 172 адам жылыту пункттерінде орналастырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Сегізінші қаңтарда Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округінде құтқарушылар 1997 және 1973 жылы туған екі адамды іздестірді. Жетінші қаңтарда таңертең олар "Нива" көлігімен мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болмады. Іздеу тобы 8 қаңтар күні таңертең жоғалған адамдарды Тінәлі қыстағының маңынан тапты. Белгілі болғандай, жоғалғандардың көлігі бұзылып, қыстаққа баратын жолды қар басып қалған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады", - деді ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Бүгінде Қарағанды облысының автожолдары барлық бағыттар бойынша ашық. Құтқарушылар келесі ережелерді ұстануды ұсынады:

- автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалау;

- ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге бармау;

- жабылған автожолдарда көлік құралдарының кептелісін құрмау.

Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы мына телефондарға хабарласуға болады: 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.

Перизат Саденова
Бөлісу: