Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды

1 Ақпан, 16:29 490

Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен құтқарушылар көлікті қардан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.  

ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққанда сақтық шараларын ұмытпауды және ауа райының құбылмалығын ескеруге кеңес береді.

Перизат Саденова
Бөлісу: