Қарағанды облысында келесі аптадан бастап су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды

7 Сәуір, 15:44 575

Қарағанды облысында келесі аптадан бастап су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте атап өткендей, қазіргі уақытта келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр. Аккредиттелген ұйымның үйлерді техникалық тексеруі аяқталады.

Келесі аптадан бастап біз һтемақы төлеуді бастаймыз. Сонымен қатар, зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, - деді ОКҚ алаңында спикер.

Оның айтуынша, Нұра және Шерубай-Нұра өзендеріндегі су тасқынының негізгі шыңы 29-31- наурыз аралығында өтті, онда 4 ауылда 41 тұрғын үйді су басқан, 23 жағдай су толып кетумен байланысты және 20 жағдай елді мекендерде су басу қаупімен байланысты.

Бүгінгі таңда біздің 237 гидротехникалық құрылысымыз тоқтаусыз жұмыс істейді, қажетті су көлемімен толтырылған. Биылғы жылы судың үлкен көлеміне байланысты Шерубай-Нұра су қоймасы арқылы 256 млн текше метр су өтті, Самарқанд және Ынтымақ арқылы 410 млн текше метр су өтті. Судың мұндай көлемі соңғы рет 2017 - жылы тіркелді, - деді спикер.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: