Қарағанды облысында есірткі жарнамалаған 7 мыңнан астам сайт анықталды

23 Қазан, 12:29 334

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров Үйлестіру кеңесінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі отырысын өткізді. Кеңес барысында өңірдегі есірткі қылмыстарына қарсы күрес нәтижелерімен осы бағыттағы жаңа шаралар талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурордың мәліметінше, есірткі заттарын насихаттайтын  7 мыңнан астам жарнамалық сайт анықталып, бұғатталды. Есірткі заттарын белгілі жерлерде қалдырушылардың көшелердегі жарнамалық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды.  

Есірткіні жарнамалауға қатысты 55 қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды. Ауылдық жерлерде жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұтасы жойылды, - деді ол. 

Кеңес қорытындысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар бекітілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: