Қарағанды облысында екі оқушы қыз суға батып кетті

30 Маусым, 09:00 1459

Қарағанды облысы Бұхар-Жырау ауданы Қызылжар ауылында мектеп жасындағы екі қыз су батып кетті. Төтеншеліктердің мәліметінше, 9-сынып оқушылары рұқсат етілмеген аймақта суға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға кеше 29 маусымда Нұра өзенінде болған. Шомылуға үш қыз барған. Олардың бірі суға түспеген. Құрбыларының суға батып жатқанын көрген ол дереу сол маңдағы тұрғындардан көмек сұраған. 

Куәгерлердің айтуынша, бұл өзенде иірімі күшті жылдам ағыс және жағадан төрт метр жерде бірден төмен түсіп кететін жартас болған.  

2011 жылы дүниеге келген оқушының денесін құтқарушылар кеше кешкі сағат 7-лер шамасында судан алып шықты. Ал екінші қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: