Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер жол апатынан көз жұмды

26 Ақпан, 03:32 851

Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған. 

Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған. 

Сондай-ақ 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған.

Перизат Саденова
Бөлісу: